Біз туралы
Артықшылықтарды дамыта отырып, көшбасшылықты сақтаймыз



2021
Орнықты даму туралы есеп
2021 жылғы негізгі көрсеткіштер
Несиелік рейтингтер
Халықаралық рейтингтік агенттіктер жүргізетін кредиттік рейтингтер ҚМГ-нің кредитке қабілеттілігін көрсететін сенімді және тәуелсіз баға. ҚМГ кредиттік рейтингтерді инвестициялық деңгейде ұстап тұруға, жоғары кредиттік профильді сақтауға және компанияның адал қарызгер ретіндегі іскерлік имиджін қамтамасыз етуге ниетті.
BBB-

BB

Baa2

Бизнес-бағыттар
Біз активтерді көмірсутектерді барлау мен өндіруден бастап тасымалдауға, өңдеуге және сервистік қызмет көрсетуге дейін барлық өндірістік цикл бойынша басқарамыз.
- ӨНДІРУ
- ӨҢДЕУ
- ТАСЫМАЛДАУ
- МҰНАЙ-ГАЗ ХИМИЯСЫ
- Мұнай-сервистер
- БАРЛАУ
Тұрақты даму
2020 жылдың қорытындылары бойынша компанияның орнықты даму саласындағы рейтингінің тәуекел көрсеткіші – 28,4 балл, бұл ҚМГ-нің ESG тәуекелдерін басқарудағы мықты позициясын көрсетеді
Стратегия
Алдағы он жылда ҚМГ-нің дамуы ресурстық базаның өсуі, ағымдағы өндірістің тиімділігі, құн тізбегін ұзарту, заманауи технологияларды енгізу мен көміртек ізін қысқарту есебінен қамтамасыз етілетін болады.
Біздің құндылықтар
ҚМГ-ні табысқа ортақ мақсаты, бизнес жүргізудің дәстүрі мен мәдениеті біріктіретін, сондай-ақ Әділдік, Адалдық, Даму, Қауіпсіздік, Жауапкершілік секілді ортақ құндылықтары бар пікірлестер командасы жетелейді.
Біздің адамдар
ҚМГ Қазақстанның ірі жұмыс берушілерінің қатарына жатады, компания 60 мыңнан астам адамды жұмыспен қамтамасыз етеді
Цифрландыру
Цифрландыру машиналық оқытуды, жасанды интеллектті, жаңа активтердегі цифрландыру бойынша корпоративтік шаблонды қолдана отырып, «Барлау мен өндіруде», «Өңдеуде» озық технологияларды ілгерілетуге бағытталған. Сонымен қатар, цифрлық шешімдер энергия тиімділігін енгізу, шығарындыларды азайту мен төменкөміртекті технологиялар арқылы экологиялық жауапкершілік пен декарбонизация саласындағы мақсаттарға қол жеткізуге ықпал етеді.