«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ келесі кадрлық тағайындау туралы хабарлайды.
«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ-тың Ақтау қаласындағы өкілдігінің директоры болып 2023 жылы 24 наурыздан бастап Өтеев Есен Оғланұлы тағайындалды.
Е.Өтеев бұған дейін ҚМГ өкілдігінде атқарушы директор қызметін атқарып келді.
Ол 2019-2022 жылдары «Өзенмұнайгаз» АҚ бас директоры болып қызмет етті. Сондай-ақ әр жылдары «Өзенмұнайгаз» АҚ және «ҚазМұнайГаз» БӨ» АҚ-тың «Өзенмұнайгаз» өндірістік филиалында түрлі басшылық лауазымдарда жұмыс істеді.
ҚМГ өкілдігінің бұрынғы директоры Құрманғазы Есқазиев қызметінен кетті. 2023 жылдың ақпан айында Қ.Есқазиев «Kalamkas-Khazar Operating» ЖШС бас директоры лауазымына тағайындалды.